ЭКСПО-2017: Монако офшор қалашығына жарнама жасап жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Монаконың павильонында қазақстандық велошабандоз Александр Винокуровтың ақшасына бамбуктан жасалған велосипед те тұр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

1

Монако - мұxиттің жағасында орналасқан мемлекет. Сол себепті осы елдің павильоны мұxит тақырыбына арналған. Оған кірген бойда судың астына сүңгігендей боласың. Ал төбеде айнамен қапталған коллоналар қозғалып, төменнен түсетін проекциялық фильм көрсетілгенде теңіздің астымен де, үстімен де ұшып, Монаконың өзіне сапар жасауға болады. Одан кейін дүрбі іспеттес құрылғылардың көмегімен қала көшелерімен жүріп келуге мүмкіндік бар.

2

Бүгінде Монаконың территориясы шағын, ал xалқы көп. Сол себепті мемлекет басшылығы мұxиттің үстіне шағын қалашықтарды салу жобаларын іске асырып келеді. 1950 жылдан бері ондай төрт ауқымды бастама атқарылды. Енді, Монако тағы бір арал іспеттес шағын ауданның құрылысын қолға алды.

3

«Offshore Project» жобасының аумағы - 6 гектар. «Жобаның құрылысын 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Оны іске асыру барысында арнайы бағаналар қағылып, бетон құйылады. Соның негізінде жаңа шағын аудан бой көтереді. Теңіз суы да ластанбайды. Барлық жұмыстар экологиялық таза болады. Ол жерде қонақүйлер, тұрғын үйлер мен бизнес орталықтар салынады. Шағын аралдың ауданы үлкен болмаса да, ел экономикасын айтарлықтай дамыта алады деген сенім бар», - дейді гид Ардақ Жантас.

4

Монаконың павильонында қазақстандық велошабандоз Александр Винокуровтың ақшасына құрастырылған велосипед те тұр. Күн энергиясымен жүретін велосипедті монаколық студенттер құрастырып шыққан екен. Ал өзіміздің «Винни» тек демеушілік қана көрсеткен.
Бамбук-велосипед павильонның шығаберісіне қойылған.

5

Соңғы жаңалықтар