ЭКСПО-2017 көрмесіне шығындалған қаржының орны толды - ҚР Президенті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық  көрмесі өзін өзі толықтай ақтады. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шетелдік журналистерге сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шығындалған ақша осы жерге  келушілердің, саяхатшылардың есебінен қазіргі уақытта қайтарылды. Осыған дейін атап өткенімдей, Астананың барлық қонақ үйлері, мейрамханалары, концерт залдары мен дүкендері толып, өте жақсы серпін алды. Астана бюджетінің түсімі  осы жылдың ішінде бірнеше есеге артты. Бизнесмендер де өз ақшаларын тапты. Мұның барлығы да елдің қоржынын толықтырды», - деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар