ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер саны 2 миллионға жуықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 маусымнан 30 шілдеге дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 1 794 132 адам келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«24-30 шілде күні ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіне 309 832 адам, яғни орташа есеппен күніне 44 261 адам келді. Еске сала кетсек, көрме жұмысының алғашқы аптасында күніне 23 мың адам келген еді», - деп жазды «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі.

Осылайша, 10 маусымнан 30 шілдеге дейінгі аралықта Көрме келушілерінің саны 1 794 132 адамды құрады.

Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне  келушілер саны 2 000 000, ал кіріп шығу көрсеткіші шамамен 5 000 000 болады деп болжанған еді.

Көрме кешенінің ең көп тамашаланған нысандары:

1. Нұр Әлем

2. Коммерциялық павильондар

3. Шелл балалар зертханасы

4. Балалар паркі

5. Тақырыптық С3.5 павильоны

6. Дю Солей циркі

7. Амфитеатр

8. Тақырыптық С 2.4 павильоны

9. Шығармашылық энергия аймағы

10. АРТ-орталық

 

Келушілер ең көп тамашалаған павильондар:

1. Африка плазасы

2. Үндістан

3. Египет

4. Түркия

5. Ресей

6. Таиланд

7. Жапония

8. Өзбекстан

9. Әзербайжан

10. Сауд Арабиясы Корольдігі.

Соңғы жаңалықтар