ЭКСПО-2017 көрмесінде қымыз бен шұбат миллиондаған саяхатшының ең дәмді сусынына айналуы керек - Қ.Айтаханов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нағыз қымыздың және шұбаттың өз стандарты болу қажет. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Сенат депутаты Қуаныш Айтаханов осылай мәлім етті.

Осы орайда халық қалаулысы бұдан бұрын бір топ депутат Үкіметке қымыз бен шұбат туралы арнайы заң қабылдау керектігін айтып, депутаттық сауал жолдағанын еске салып өтті. «Үкімет бұл мәселеге қарсы емес. Бұл тұрғыда Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Қымыз бен шұбаттың стандарттарын белгілеу керек. Өйткені, стандарт әр жерде әртүрлі. Ал, нағыз қымыз бен нағыз шұбаттың өз стандарты, химиялық құрамы болу қажет. Соған байланысты ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта қымыз бен шұбаттың стандарттары бекітіліп, барлық жерде стандарт аясында тексеріліп отырады. Сөйтіп, ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында қымыз бен шұбат елімізге келетін миллиондаған туристердің ең дәмді сусынына айналып кетуі керек. Яғни, халқымыздың осы құндылықтарын барша әлемге паш ету қажет»,-деді Қуаныш Айтаханов. «Қымыз бен шұбат - біздің халқымыздың дәстүрлі сусындарының бірі. Біріншіден, адам денсаулығына өте жақсы әсер етеді, иммундық жүйені нығайтады. Ішкі құрылыстағы көптеген ауруға ем»,-деп сусындардың негізгі қасиеттеріне тоқталған депутат : «Сондықтан, қымыз бен шұбатты дүниежүзінің халықтары кеңінен пайдаланып жатыр. Бірақ, біз құндылықтарымызды тиісті дәрежеде пайдалана алмай отырмыз»,-деді сенатор.

Соңғы жаңалықтар