«ЭКСПО -2017» көрмесінде Әуезов театры Рақымжан Отарбаевтың тарихи драмасын сахналайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы елордада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «Астана Экспо -2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде қонақтарға ұсынатын қойылымдар тізімін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

«Елімізде өтетін Дүниежүзілік көрме аясында Әуезов театры Астана опера және балет, Астана Жастар театрының сахнасында 18-26 маусым аралығында қойылымдарын «Экспо-2017» қонақтарына ұсынатын болады.

Атап айтсақ, Ғ.Мүсіреповтың «Махаббат дастаны» трагедиясы (реж.Қ.Сүгірбеков), «Қыз Жібек» мюзиклі (реж. Е.Нұрсұлтан), М.Әуезовтың «Абай» трагедиясы (реж. Е.Обаев), Р.Отарбаевтың «Сұлтан Бейбарыс» тарихи драмасы (реж. Ю.Ханинго-Бекназар), М.Омарованың «Көмбе нанның дәмі» драмасы (реж.А.Кәкішева), Ғ.Есімнің «Таңсұлу» драмасы (реж. А.Кәкішева), Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» аңыз-дастаны (реж. Й.Вайткус) көрерменге жол тартпақ», делінген хабарламада.

Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған спектакльдер халықтың зор қошеметіне бөленген шығармалар.

Соңғы жаңалықтар