ЭКСПО -2017 көрмесі атажұртына қоныс аударатын қандастардың санын арттырады - Ақытбек Шеризатұлы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесі атажұртына қоныс аударатын қандастардың санын арттырады. Бұл туралы Қытайдағы «Сен қазақ» сайтының жетекшісі Ақытбек Шеризатұлы мәлім етті.

«ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесіне қатысқысы келіп елеңдеп отырған қандастарымыздың саны көп. Сайтымызға оқырмандар тарабынан «Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі қашан басталады?», «Билеттерді қалай алуға болады?» деген сұрақтар жиі қойылып жатады. Алдын ала виза аштыруға кезекке тұрып жатқандардың да қарасы мол. Бұл өз кезегіне Қазақ еліне біржола қоныс аударатын қандастардың санын арттырады деп ойлаймын. Өйткені жол түсіп атажұртын бір көрген қазақ баласы міндетті түрде көшіп келгісі келеді», дейді ол.

Сонымен бірге ол Қазақстанға келетін шеттегі қандастардың ел экономикасына аз да болса үлес қосатынын айтады.

«Турист - бұл әрбір ел үшін үлкен экономикалық кіріс көзі. Қазақстанға келетін қандастарымыз да шеттен тапқан қаржысын осында келіп жұмсайды. Бір кішкене мысал айтайын. Жақында бір жеңгеміз Астанаға барып келді. Қайтарында туыс-туғандарға сәлемдеме ретінде мың доллардың затын алып келіпті. Бұның өзі көзге көрінбейтін қаржылық айналым», - дейді Ақытбек Шеризатұлы.

Соңғы жаңалықтар