«ЭКСПО-2017» кезінде «Бәйтеректі» 300 мыңға жуық адам тамашалады

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі кезеңінде «Астана - Бәйтерек» монументіне қанша адам келгені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, елордадағы «Бәйтерек» монументінде 2017 жылдың қаңтарынан бері күрделі жөндеу жүргізіліп, маусым айында көпшілік үшін есігін қайта ашқан болатын. Содан бері аталған нысанға баруға ниеттілер ұзын-сонар кезекке тұрып жатқаны жайында жазған болатынбыз.

«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі өткен уақытта Монументке 287 мың адам келіп, онымен танысып шықты»,-деп айтылған «Астана Бәйтерек» ЖШС-нің «ҚазАқпаратқа» берген мәліметінде.

Осы орайда аталған көрме өткен үш айдың әрқайсысында шамамен 90 мыңнан астам адам Монументке барған.

Белгілі болғандай, 2004 жылдан бері Монументке Қазақстаннан және шетелден 8 миллионннан астам адам келген. Олардың арасында бірқатар мемлекеттердің басшылары да бар.

Жалпы, Астана күнін атап өту шаралары басталғалы монументтің маңында еліміздің басқа өңірлерінен келген қонақтардың және шетелдік туристердің қарасы қалыңдады. Диспетчердің сөзіне қарағанда, жаз кезінде монументтегі «Аялы алақан» таңбасына алақанын қоюға ниетті қала меймандарының саны күрт артқан. Негізінен, осындай кезек монумент алдында жыл сайын байқалады

Соңғы жаңалықтар