ЭКСПО - 2017» қарсаңында Арнасай ауылында 10 эко-қонақ үй ашылмақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-«ЭКСПО - 2017» қарсаңында Ақмола облысының Аршалы ауданындағы инновациялық ауылда 10 эко-қонақ үй ашылмақ. 

Бұл туралы аймақ басшысы Мəлік Мырзалиннің ауданға жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі. 

Елорданың іргесіндегі Арнасай ауылы өзгелерден ерекше. Бүгінгі таңда шағын елді мекен жасыл технологиялардың алаңына айналған. Ауылда «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Оған ауылдағы қарапайым тұрғындар да асқан қызығушылық танытып, өз үлестерін қосуда. Атап айтқанда, табиғат қорғаушы, қуат сақтаушы, су үнемдеуші, өнімді арттырушы және басқа да жақсы қасиеттері бар «жасыл» технологиялар жаппай ендірілген бұл ауыл «ЭКСПО - 2017» жаһандық көрмесінде отандық бренд ретінде шетелдік қонақтардың назарына ұсынылатын болады. 

Ауданға жұмыс сапары барысында осы ауылда болған аймақ басшысы қолға алынған жобалармен танысып, «ЭКСПО-2017» кезінде осында аялдайтын шетелдік туристерді қарсы алу дайындығына назар аударды. 

Жасыл технологиялар орталығының жетекшісі Татьяна Немцанның айтуынша, бүгінде 168 аулада тамшылатып суару жүйесін кәдеге жаратуда. Енгізіліп отырған технологиялардың тиімділігі әуелі жан-жақты сыналады. 

"2015 жылы ашылған «Арнасай» жасыл технологиялар орталығында алғашқы кезде 400 шаршы метрлік органикалық бау-бақшада барлығы 7 жасыл технология қолданылды. Бүгінде оның саны 35-ке жетіп отыр", - деді Татьяна Немцан.

«ЭКСПО - 2017» басталатын сәтте инновациялық ауылда Астана тұрғындары мен қонақтары үшін 10 эко-қонақ үй ашу жоспарланған.  

Арнасайдағы тағы бір жарқын жоба «EXPO Camp» жастардың «жасыл» лагері болып табылады. «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ басқармасы өкілдерінің айтуынша, аталмыш лагерді ағымдағы жылдың 6 маусымында ашу жоспарланған.

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Арнасайдағы жасыл технологиялық əдісті қолданудың тиімділігін айта келе, жазғы лагердің балалар үшін қауіпсіз әрі санитарлық тазалығы жағына алғанда  талапқа сай болуы қажеттігін атап өтті. 

null

Соңғы жаңалықтар