ЭКСПО-2017: Ақмолалық қолөнер шеберлерінің көрмесі 11 күнге ұзартылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы этноауылда Ақмола облысының сəндік қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтуде, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша "Қазанат" атшабарының маңында орналасқан этноауылда өтіп жатқан көрмені "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов аралап көріп, сəндік қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстарымен танысты.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 20-25 маусым күндері Астана қаласында "ЭКСПО-2017" көрмесіне арналған Ақмола облысының мәдениет күндері өткен болатын. Шара аясында сəндік қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.  Осы күні ұйымдастырушылардың шешімімен көрме тағы 11 күнге ұзартылып отыр.

Соңғы жаңалықтар