ЭКСКЛЮЗИВ. Мырзағали Айтжанов: Жоспарымыз - 5 медаль, оның екеуі - алтын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазір қазақ елінің Риоға баратын боксшылары Алматыда Алатау бөктерінде тауға шығып, күш-жігерін шыңдап жатыр. Бұл туралы бүгін Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы берген шағын сұхбатында мәлім етті. «Біз қазір Алматыда Алатау бөктерінде жатып, жаттығу жасап жатырмыз. Тау бөктерінде ауа таза, жүгіруге де, тас лақтыруға да, шыңдарға өрмелеп жарысуға да барлық жағынан өте қолайлы», - дейді бас бапкер.

- Өз шәкірттеріңіздің жаттығуына көңіліңіз тола ма?

- Әрине, жігіттеріміз Риоға сақадай сай. Осыған дейін өзіміз жасаған жоспар бойынша жаттығудың бірнеше сатысын аяқтадық. Қазір жігіттеріміз күш жинап жатыр. Алда тағы да бірнеше оқу-жаттығу жиындарымыз бар. Алла қаласа, шілденің 17-нен бастап Астанада жаттығуымызды жалғастыратын боламыз.

- Бұйыртса, қанша медаль алуды жоспарлап отырсыздар?

- Қазақта «арық айтып, семіз шығайық» деген аталы сөз бар. Менде сол ұстанымды қатты ұстанатын жігіттердің бірімін. Жалпы 5 медаль аламыз деген жоспарымыз бар. Оның ішінде 2 алтын алу басты мақсатымыз. Ал бізде жалпы 5 медальдан артык алуға мүмкіндігіміз бар.

- Өзіңіз бапкер ретінде кімдерге баса үміт артасыз?

- Менің қоластымдағы жаттығып жатқан боксшылардың барлығы өз балам сияқты. Әрқайсысын әр түрлі жерде жеке-жеке жаттықтырып жүрген жоқпын. Барлығы бірге жаттығады. Анау мықты, мынау осал деп бөле жарып көрген емеспін. Барлығы да медальдан үмітті. Алайда, әрқайсысының өздерінің бағына байланысты.

- Әңгімеңізге рахмет! Мақсаттарыңызға жетулеріңізге тілектеспіз... 

Соңғы жаңалықтар