Экскаваторды айдап әкетті деген күдікпен Алматы облысының екі тұрғыны ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ескелді ауданындағы жылжымалы механикаландырылған колоннаның (ЖМК) бірінің әкімшілігі полицияға Теректі ауылында жөндеу жұмыстарын өткізу үшін пайдаланылған экскаватордың айдап әкетілуі фактісімен өтініш жазған.

Оқиға орнына шыққан Ескелді АІІБ-нің тәртіп сақшылары айдап әкетілген экскаваторды ауылдың шетінен тапты. Оны бұрын ауылдық ЖМК-да күзетші болып жұмыс істеген жергілікті екі тұрғын айдап кеткен.

«Медициналық куәландыру кезінде ұсталған азаматтардың мас болғаны анықталды. Өздерін ақтамақ болған олар көлік техникасын дүкенге ішімдік алуға жаяу баруға ерінгеннен айдап әкеткендерін айтқан», - деп атап өтті Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен. Қазіргі кезде көлік құралын заңсыз иелену фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабымен сот алдындағы тергеу амалдары басталып кетті. Күдіктілер тергеу кезінде ешқайда кетпеу қолхатын толтырып үйлеріне жіберілді.

Соңғы жаңалықтар