Ексетер қаласында соғыстан қалған қуатты авиабомбаны жарды

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Жарылыс техниктерінің командасы жұма күні Англияның Эксетер қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған қуатты авиабомбаны жарып жіберді. Бұл туралы ҚазАқпарат жергілікті полиция қызметінің Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Эксетер университетінің маңынан табылған бомба жарып жіберілді. 400 метр радиусындағы жерді қоршау түні бойы сақталады, сондықтан тұрғындар өз үйлеріне қайтып оралмауы тиіс», - делінген хабарламада.

Ұзындығы 2 метрден асатын оқ-дәрінің жоғары қуаттылығына байланысты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында университеттік кампус аумағында және оның маңында тұрып жатқан бірнеше мың адамды қауіпсіз жерге шығару жұмысы жүргізілді. Эвакуацияланғандардың арасында бұл ЖОО-ның жүздеген студенті бар.

Полиция жариялаған видеода бомба жарылған сәттен кейін жарқылдау мен ондаған метрге көтерілген қара түтін бағанасы көрініп тұр. Жергілікті тұрғындар жарылыстың қаланың шалғай бөліктерде де естіліп, үйдегі заттардың қозғалғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар