Экс-вице министр Азамат Асқарұлы жаңа қызметке тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Азамат Асқарұлы «QazTrade «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін ҚР Үкіметінің қаулысымен А.Асқарұлы Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылған еді.

Азамат Асқарұлы 1984 жылы Алматы облысында туған. 2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2009 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетін, 2016 жылы Гонконг ғылым және технология университетін бітірген.

Түрлі жылдары «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Қазақстан темір жолы Экспресс» АҚ жұмыс істеді, Гонконг қаласындағы «KTZ Express Hong Kong» ЖШҚ басқарды.

2016-2019 жж. ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі болды.

2019 жылғы шілде айынан қазірге дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар