Экс-президенттерді Конституциялық кеңеске мүше болуын шектеу мәселесі референдумда көрініс табады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституциялық реформа бойынша өтетін республикалық референдум аясында Қазақстанның экс-президенттерін Конституциялық кеңеске мүше болуын шектеу мәселесі көрініс табады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық сайлау комиссиясында өткен семинарда айтты.

«Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістердің келесі блогы Тұңғыш Президент мәртебесіне байланысты барлық нормаларды алып тастауға қатысты.

Мәселен, бірінші Президентке 2 реттен артық сайлану мүмкіндігі, оның қызметін жекелеген Конституциялық заңмен реттеу, сондай-ақ, Тұңғыш Президент іргесін қалаған республика қызметінің түбегейлі принциптерінің және оның мәртебесінің өзгермеуімен байланысты 3 норма алып тасталады. Сонымен қатар, экс-президенттердің Конституциялық Кеңесте болу құқығын алып тастауды жеке атап өткен жөн», - деді вице-министр.

Айта кетейік, бүгін орталық сайлау комиссиясында республикалық референдумды өткізу және оған дайындық жұмыстарының құқықтық мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.

Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев конституциялық реформаға қатысты өтетін республикалық референдум өткізуге қанша қаражат бөлінгенін айтты.



Соңғы жаңалықтар