Экс-футболшы Ромарио Рио-де-Жанейро губернаторлығына үміткер болмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал бразилиялық футболшы, 1994 жылғы әлем чемпионы Ромарио Podemos («Подемос» немесе «Қолымыздан келеді», бұрынғы Ұлттық трабальистік партия) партиясының атынан Рио-де-Жанейро штатының губернаторлығына үміткер болмақ. Қазір Бразилия парламентінің жоғарғы палатасының сенаторы, әйгілі спортшы сейсенбі күні жергілікті SporTV телеарнасына берген сұхбатында осылай мәлімдеген, деп хабарлайды ТАСС.

«Алдағы уақытта Рио-де-Жанейро губернаторы сайлауы өтеді. Менің оған үміткер болуым әбден мүмкін. Біз қазір партияластарымызбен кездесулер өткізіп жатырмыз. Қазірдің өзінде партияның мені ұсынатынына қол жеткізе аламын деуге болады», - деді ол.

2016 жылдың маусымында Ромарио Рио-де-Жанейро қаласының мэрі болуға үміткер болып, кейіннен кандидатурасын қайтарып алған болатын. Бразилиялық БАҚ-тың айтуынша, экс-спортшының шешімі сауалнамалардың нәтижелерімен байланысты.

Зерттеулер Ромарионы қолдаған қала тұрғындары жеткілікті болмағанын көрсеткен. Ол 2015 жылдың қаңтарынан бастап Бразилия парламентінің жоғарғы палатасында Рио-де-Жанейро штатынан сайланған сенатор болып отыр. Үстіміздегі жылдың маусымына дейін сенатта Бразилия социалистік партиясының мүддесін қорғаған ол кейіннен Ұлттық трабальистік партияның фракциясына өткен. 

Соңғы жаңалықтар