Экс-чемпион Головкиннен қарсыласына төнетін ең басты қауіпті атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белдігінің бұрынғы иегері Роб Брант қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен келер ең басты қауіпті атады, деп хабарлайды Sports.kz Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

«Головкинге соққы жұмсау қиын емес. Қиындықтар сол соққы діттеген жеріне жеткен соң басталады. Стив Роллсты қараңыздаршы, аса танымал болмағанымен өте талантты боксшы. Ол кез-келген спортшының Головкинге қарсы шыға алатынын көрсетті. Алайда Головкиннің соққысынан сақтану үшін, өзіңді жоғалтып алмау үшін тегеурінді тәртіп керек. Өйткен оның соққысы тым жойқын. Мүмкін Головкиннің уақыты өте бастаған шығар, алайда оның соққысы бұрынғысынша қалды. Ал бұл оның танымал болуына себеп болған басты қасиеттердің бірі. Головиннің алдыда әлі жақсы кездесулері бар. Меніңше, ол керемет бір кездесуді іздестіріп жатыр, әрине ол бірінші кезекте «Канеломен» байланысты. Дегенмен оның уақыты аз қалғанын да айта кету керек. Сондықтан оған асыға түскен жөн»,-деп келтіреді портал Бранттың сөзін.

Соңғы жаңалықтар