Экс-әкім Архимед Мұхамбетов: Облыстың ең маңызды ресурсы – адами капитал

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Біздің облыстың ең маңызды ресурсы – адами капитал. Бүгін Қостанай облысының әкімі қызметінен босатылған Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде пост жариялап, қостанайлықтарға «шынайы алғысын» білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті қостанайлықтар! Бүгін мен Қостанай облысының әкімі қызметін аяқтадым. Осы жылдары біз көп нәрсені бастан өткердік. Біз халықтың өтініші мен мәселесін шешуге тырыстық.
Өңірдің барлық тұрғынына жан-жақты қолдау көрсетіп, түсіністікпен қарағаны үшін алғысымды және ерекше ризашылығымды білдіремін. Біздің облыстың ең маңызды ресурсы – адами капитал.
Облыс халқына, ардагерлер кеңесіне, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне, мәслихат депутаттарына, үкіметтік емес ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына және әріптестеріме шынайы алғысымды білдіремін!», - деді А.Мұхамбетов.

Экс-әкім сондай-ақ Қостанай облысына өркендеу тіледі.

Еске салайық, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Архимед Мұхамбетовті Қостанай облысының әкімі қызметінен босатты. Оның орнына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған Құмар Ақсақалов тағайындалды.

24 қараша күні түнде Қостанай облысының Арқалық қаласындағы жылу электр орталығында апат болды. 30 қарашада апаттың болжамды себебі аталды.

Айта кетейік, бұған дейін халықтан кешірім сұрап, ризашылығын білдірген постты Павлодар облысының экс-әкімі Әбілқайыр Сқақов жариялаған болатын.


Соңғы жаңалықтар