Екпіні күшті жел талдықорғандық кәсіпкерді шығынға батырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Талдықорған аумағында қатты жел соқты. Соның салдарынан қаладағы Қызырхан Бөрібай есімді кәсіпкер біршама зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екпіні қатты жел оның жылыжайын бүлдірген. Нақты айтқанда жылу сақтап тұратын жамылғысын жұлып әкеткен. Салдарынан жайқалып өсіп тұрған көкөністері түгелдей үсіп кетіпті. 7 жылдан бері қияр, қызанақ секілді көкөніс түрлерін өсіріп, оны сатумен айналысатын  кәсіпкер қазір сан соғып отыр. Шағын кәсіпкерлігін дамыту мақсатында алған несиені қалай жабамын деп алаңдаулы. Кәсіпкердің айтуынша, шығын көлемі 1 млн теңгеден асып жығылады.

 Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның 26-нан 27-не қараған түні Талдықорғанда екпіні күшті жел соқты. Ағаштар сынып, екі жерде  электр сымдары үзілген. Кейін қала әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс үйлерге жарық қосылғанын мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар