Екпінді жел, тұман, бұршақ: Жексенбі күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстіктің жекелеген аумағында бұршақ жаууы ықтимал. Кейбір өңірлерде жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде жел 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с күшеюі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 15-20 м/с екпіндегі жел 23-28 м/с артуы ықтимал.

Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз оның күші 23-28 м/с жететіні болжанады.

Күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысында сондай-ақ найзағай күтіледі.

Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан облысында тұман болады.

Атырау облысында найзағай күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 25 м/с артады.

Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл болжанады, желдің екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, 15-20 м/с жылдамдықтағы желдің күші күндіз 23 м/с артады.

Сондай-ақ синоптиктердің мәліметінше, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстанның жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар