Екпінді жел, көктайғақ, бұрқасын – синоптиктердің 29 қараша күнгі болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 қараша күні Қазақстан территориясы белсенді фронталды аймақтың ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде ол қатты жауады. Жоғары екпіндегі жел сақталады, солтүстікте бұрқасынмен бірге. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Ақмола облысында жел күшейіп, екпіні 25 м/с жетеді, кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары болады. Көктайғақ болуы ықтимал.

Павлодар облысында күндіз жел 15-20 күшейеді, екпіні 25, кей жерлерде 30 м/с асады. Көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында 15-20 м/с жылдамдықпен соғатын желдің екпіні 23 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.

Қарағанды облысының жекелеген аумақтарында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болжанады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерін тұман басып, жел 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында көктайғақ, тұман, бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел болжанады.

Атырау, Маңғыстау облыстарындың кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

 

Соңғы жаңалықтар