Екпінді жел, бұршақ: 5 шілде күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 5 шілде күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ және дауыл күтіледі. Оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» синоптиктерінің ақпаратына сүйенсек, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында, түнде Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанда облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Атырау облысының жекелеген аумақтарында дауыл, бұршақ болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. күндіз бұршақ жауады.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, сондай-ақ Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар