Екпе салдыруға бей-жай қарамауымыз керек - Абдулхахлил Долкунтай

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат —Коронавирусқа қарсы күресудің ең тиміді жолы - екпе салдыру. Ол туралы Казакстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Metall Prom Group» ЖШС Бас директоры, Алматы қаласындағы Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы филиалының төрағасы Абдулхахлил Долкунтай ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

- Індеттен құтылудың ең дұрыс жолы - ол екпе салдыру. Әлемнің дамыған, озық елдері бұл үрдісті әлдеқашан бастап кетті. Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев пен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың егілуіне жағдай жасап, үлкен қолдау білдіріп отыр. Біз ел болып, бұл мәселеге бей-жай қарамай, жауапкершілікпен келгеніміз дұрыс деп ойлаймын,-деді А.Долкунтай.

Оның айтуынша пандемияны тек екпе салдыру тоқтата алады.

- Мен былтыр ауырып шыққам, денемде індетке қарсы антиденелер қалыптсасқанмен, биыл қосымша егілдім. Қазір менің отбасы мүшелерім, мен басқаратын ««Metall Prom Group» ЖШС» ұжымы, бәріміз де егілудеміз. Егер бәріміз дәрігерлердің айтқанын орындап, вирусқа қарсы екпе салдырар болсақ, онда бұл індеттен тезірек құтылатын боламыз деп ойлаймын, - деді А. Долкунтай.

Еске сала кетейік, Алматыда коронавирустан бір айлық нәресте көз жұмған еді. Бұл жайында онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев мәлімдеген еді. Ал Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Алматы қаласында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Тәулігіне 1500- ден астам жағдай тұрақты түрде тіркеліп отыр. Ол Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай контагиозды мутацияланған «дельта» штамының таралуына байланысты күрделене түскенін де атап өтті.



Думан Арғынгелді.

Фото: astana.atameken.kz


Соңғы жаңалықтар