Екпе салдырмаған сәбиді емдеу ақылы болуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда екпе салдырмаған сәби ауырса ата-анасы емдеу ақшасын қалтасынан шығарады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Брифинг барысында комитет төрайымы сәбиіне екпе жасатудан бас тартатын ата-аналармен күрес алдағы уақытта қалай жүргізілетіндігін айтып берді.

«Жаңа кодексте вакцина жасатудан бас тартатын ата-аналарды жазаға тартатын шаралардың бірін қарастырып отырмыз. Яғни, басқа норма көзделеді. Егер екпе алмаған бала ауырса және ол екпе алмаудың салдарынан туындайтын болса, мұндай жағдайда оны емдеу ақылы болады. Егер ата-ана баланың ауырмауы үшін ешқандай шара қабылдамаса, онда емдеу ата-ананың есебінен жүргізіледі», - деді Людмила Бюрабекова.



Соңғы жаңалықтар