+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Екпе мен аутизмнің, сал ауруының арасында ешқандай байланыс жоқ - дәрігерлер

2017 жылғы 17 қараша 17:40
Бөлісіңіз:
Екпе мен аутизмнің, сал ауруының арасында ешқандай байланыс жоқ - дәрігерлер

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дәрігерлер екпе алған балалар аутизм немесе сал ауруына шалдығады деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматыда өткен «Верить и жить» әлеуметтік медициналық форум барысында Індетті бақылау басқармасының бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, қазақстандықтардың 95%-ы екпе алған. Бас тартқан адамдардың үлесі 0,1-2 % болып отыр.

Әзірге екпе алмаған балалар екпе алғандардың арқасында ауру жұқтырудан аман жүр.

«Бұл мәселе әлемде қызу талқыланып жатыр. Қаншама зерттеулер жүргізілді. Соның арқасында аутизм, сал ауруларымен екпе арасында ешқандай байланыс жоқ екендігі дәлелденді. Бұрын мұндай аурулар аз болатын. Бұл жүктіліктің ауыр өтуімен байланысты болуы мүмкін. Отандық ғалымдар жүргізген зерттеулер нәтижесінде балалардың 60 пайызында босану кезінде қиындық болғаны анықталды. 50 пайыздан астамы іште жатып жұқпаға шалдығады. Екпе алған да алмаған да балалардың арасында ондай ауыр аурулар бірдей кездеседі», - деді Нұршай Әзімбаева.

Мұндай қауесеттің таралуына интернеттегі жазбалар мен видеолар түрткі болып отыр.

«Екпеден бас тартқан ата-аналардың балалары керісінше аурулары асқынып жатыр. Өткен жылы қызылшаға шалдыққан 9 жастағы бала 8 ай бойы ауырған. Бұл жұқпадан соң балада энцефалит басталды. Ата-анасы бармаған жері жоқ. Бұл ауруға қарсы ем жоқ болған соң балаға ешкім көмектесе алған жоқ», - деді Әзімбаева.

Қазақстан ұлттық екпе күнтізбесі бойынша 2 жастағы балалар 10-11 екпе қабылдауы тиіс. Бала 6 жасқа толғанда ревакцинация жүргізіледі. Одан соң 16 жасқа толғанша бір рет екпе қабылдайды.

Айта кету керек, биыл екпе қабылдаудан Қазақстанда 12 мың адам бас тартқан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT