«Экотон+» компаниясы толығымен ҚДБ несиесін өтеп шықты

None
None
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Ұялы бетон өндіретін компания толығымен мерзімінен бұрын несиелік қарызын өтеді. Бұл жайында «Қазақстанның Даму Банкі» хабарлап отыр.

Компания 2003 жылдан бері «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның (ҚДБ)  қарыз алушысы болып саналады. Банк Астана қаласында орналасқан ұялы бетоннан қабырға материалдарын жасау жобасын қаржыландырды. «Экотон+» зауыты 2004 жылы іске қосылды. Жобаның жалпы сомасы 12,76 млн. АҚШ долларына жетті, ал ҚДБ-ның бөлген қаржы сомасы 6,04 млн. долларды құрады.   

2009 жылы банк «Экотон+» компаниясының қарызын қайта құрылымдаудан өткізді.  Бұл шара қаржы дағдарысы кезінде жобаның борыштық жүктемесін төмендету мақсатында іске асырылды. Сонымен қатар, несиенің сыйақы мөлшерін төмендетіп, икемді төлеу кестесі  қарастырылды.

Бүгінгі таңда кәсіпорын жыл сайын 127 000 текше метр дайын өнім шығарады. Зауыт ұялы материалдарымен отандық нарықтың 25 пайызын қамтамасыз етіп, осы салада ең ірі кәсіпорын болып саналады.

Өнімнің басты тұтынушылары Ақмола, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе және Батыс-Қазақстан облыстары. Сонымен қатар өнімнің бір бөлігі Ресейге экспортқа шығарылады.         

Соңғы жаңалықтар