Экономиканың негізгі драйвері - құрылыс пен өңдеу өнеркәсібі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жаһандық жағымсыз трендтерге қарамастан экономиканың жеке секторларында айтарлықтай өсім барын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаһандық жағымсыз трендтер жыл басынан бері Қазақстан экономикасына әсерін тигізіп-ақ жатыр. Қазақстанда да әлемнің барлық басқа елдері сияқты коронавирус пандемиясына байланысты іскерлік белсенділіктің төмендеді. Ең көп зардап шеккен - қызмет көрсету саласы. Осы жылдың 6 айында бұл салада төмендеу 5,6%-ті құрады», - деді Руслан Дәленов ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша бұл ретте экономиканың нақты секторында тұрақты өсім байқалады. Нақтырақ айтқанда тауарлар өндірісі 4,1%-ға өскен.

«Негізгі драйверлер құрылыс (+11,2%) және өңдеу өнеркәсібі (+4,8%) болды. Өңдеу өнеркәсібінде өсу 4,8%-ды құрады. Ол автомобиль жасау (46%), фармацевтика (24%), дайын металл бұйымдарын өндіру (20%), жеңіл өнеркәсіп (8%), рәзіңке және пластмасса бұйымдарын (8%) және қағаз өндіру (15%) есебінен қамтамасыз етілді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар