Экономиканың негізгі драйвері халық саны емес, еңбек өнімділігі болады - Елбасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экономика өсімінің негізгі драйвері еңбек өнімділігі болады. Бұл туралы бүгін XII Астана экономикалық форумы барысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халық санының артуы ұлттық экономика өсімінде маңызды рөл ойнауын доғара бастайды. Негізгі драйвер еңбек өнімділіге болады. Соңғы 50 жылда дамыған мемлекеттердегі жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімінің үштен бірі ғана халықтың табиғи өсімі есебінен, ал қалғаны еңбек өнімділігінің есебінен алынған», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Елбасы әлемдік сарапшылар осы ғасырда бұл көрсеткішті түбегейлі арттыра алатын елдер ғана бәсекеге қабілетті болатынына сенімді екенін айтты.

«Дегенмен, бүгінгі күні өнімділік өсімінің әлеуеті алдағы он жылдың ішінде жылына кемінде 2 пайызды құрайды. Оның ішінде, өнімділікті арттыру мүмкіншілігінің шамамен 60 пайызы цифрлық технологияларға тиесілі болады», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар