Экономиканың қандай секторлары кибершабуылдарға төтеп бере алмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Елімізде кибершабуылдар толқыны күшеюі мүмкін. Бүгін Астанада кибершабуылдарға тосқауыл қоюға арналған форумда Қорғаныс және аэроғарыш министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағаcының орынбасары Руслан Әбдіқалықов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақпараттық қауіпсіздіктегі негізгі қатерлерді квазимемлекеттік әрі жеке секторда байқап отырмыз. Сондықтан заңнамадағы соңғы өзгерістер көбінесе елдің өте маңызды инфрақұрылымына қатысты болды. Бұл бағытта атқарылмаған жұмыстар баршылық. Егер де киберқылмыстар бойынша соңғы есептерге қарайтын болсақ, банктік трояндардың белсендігі төмендеп келеді. Адамдар қалай да қорғану керектігін түсінді, сәйкесінше дұрыс емес іс-қимылдар шектеле бастады. Бұл процеске жақсы баға беруге болады, яғни адамдар кибертазалыққа екпін қойып отыр», - деп тоқталды Әбдіқалықов.

Оның атап өтуінше, корпоративтік сектор бұл қатерлердің барлығын түсініп, тиімді деңгейде қорғануды үйреніп алды.

«Өткен жылы киберқалқанды құруды бастаған кезде біздің қолымызда болған мүмкіндіктер ЭКСПО көрмесін сәтті өткізуге әрі барлық шабуылдарға төтеп беруге жеткілікті болды. Ал технологиямен және басқарудың автоматтандырылған жүйелерімен, технологиялық процестермен айналысатын компаниялар тұрғысында ең үлкен проблемалар бар. Атап айтқанда, бұл салада бізге алдағы уақытта елеулі шараларды іске асыру қажет. Сондықтан ағымдағы заңнамада біз корпоративтік секторды дамыту үшін қажетті барлық нормаларды күшейтуге тырыстық. Бұл дәстүрлі киберқауіпсіздік болып отыр», - деді Р. Әбдіқалықов.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде өте маңызды объектілерге жатқызылатын ережелер мен талаптар жаңартылды. Биылғы шілдеде алғаш рет өте маңызды нысандар тізімі құрылады.

Соңғы жаңалықтар