Экономиканың 7 көрсеткіші бойынша екі өңір ғана өсім көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экономиканың 7 көрсеткіші бойынша 2 өңір ғана өсім көрсетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлік бөліністегі жалпы жағдай мынадай. Барлық 7 көрсеткіш бойынша оң өсім 2 өңірде – Шымкент қаласы және Маңғыстау облысында байқалады. 6 көрсеткіш бойынша 7 өңірде өсім байқалады. Олар Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Түркістан облыстары. 7 өңірде 5 көрсеткіш бойынша оң қарқын тіркелді. Батыс Қазақстан облысында тек 2 көрсеткіш бойынша өсу байқалады», - деді Ұлттық экономика министрі бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, сауда және көлік бойынша да жағдай жақсаруда.

«Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарын қоспағанда, барлық өңірде сауда бойынша өсім байқалады. Көлік бойынша әлі де тек 3 өңір оң аймақта орналасқан. Бұл – Атырау және Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы», - дейді Әсет Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар