Экономиканың 7 көрсеткіші бойынша екі өңір ғана өсім көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экономиканың 7 көрсеткіші бойынша 2 өңір ғана өсім көрсетті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономиканың 7 көрсеткіші бойынша өңірлік бөліністегі жалпы жағдай мынадай: Барлық 7 көрсеткіш бойынша оң өсім 2 өңірде – Шымкент қаласы және Маңғыстау облысында байқалады. 6 көрсеткіш бойынша 5 өңірде өсім тіркелді. Олар: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстары. 9 өңірде 4-5 көрсеткіш бойынша өсім тіркелді. Батыс Қазақстан облысында тек 2 көрсеткіш бойынша өсім байқалады», - деді ол.

Министр сауда және көлік бойынша жағдай жақсарып келе жатқанын, бұл өңірлердегі іскерлік белсенділіктің артқанын айғақтайтынын баса айтты.

«Сауда бойынша 13 өңірде өсім байқалады. Бұл ретте бөлшек сауда 6,2 пайызға өсіп, ішкі сұраныстың қалпына келуін көрсетеді. Атырау облысынан басқа, Маңғыстау облысы және Шымкент қаласының көлік саласы бойынша қызмет көрсету жақсарды», - деді Әсет Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар