Экономиканы көтеру үшін «магиялық формуланы» іздеудің қажеті жоқ -ғалым пікірі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбия университетінің профессоры Хавьер Сала-и-Мартин ХІ Астана экономикалық форумында ел экономикасын көтеру үшін бәсекеге қабілеттілікті қалай жолға қою керектігі туралы пайымымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бүкіл әлемде он мыңдаған зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әртүрлі бизнестер мен өндірістерге баға беріп отырамыз. Осы жұмыстардың нәтижесінде мен өз ойыма бірнеше сабақты түйіп алдым. Соларды бөлісейін. Ең біріншіден, экономикалық өсім мен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін «магиялық формула» немесе «күмістен соғылған оқтың» жоғын ескеру керек. Әлемдегі көптеген мемлекеттер экономиканы өркендету үшін екі немесе үш магиялық сиқырлы тетіктеріміз бар деп біледі. Сондықтан, менің алғашқы идеям - ондай магиялық күштер жоқ дегенге саяды. Сонымен бірге, мұндай тетіктер немесе нүктелер үкіметте бар деген ойдан арылу керек. Шынтуайтына келгенде, экономиканың және үкіметтің ішіндегі барлық қатысушылар дұрыс қадам жасай білгенде ғана табысқа кенеледі. Үкімет, жеке сектор, бизнес, жұмысшылар, кәсіподақтар - бәрі бірлесе жұмыс атқару керек», - дейді профессор.

Хавьер Сала-и-Мартиннің пайымынша, көптеген мемлекеттер бәсекеге қабілеттілікке барлық саланың қатысушыларын біріктіру арқылы қол жеткізген.

«Екінші идея - экономикалық өсімге және бәсекеге қабілеттілік жетістігіне жету өте күрделі процес. Экономист деп аталатын біздер осыны 200 жылдан бері зерттеп келеміз. Тіпті Адам Смиттің өзі кезінде ұлт табысы туралы кеңірек зерттеген болатын. Біз осы идеялардың бәрін біріктіріп, инфрақұрылым, макроэкономика, экология, денсаулық сақтау, білім беру, нарықтың тиімділігі, нарықтың ауқымы секілді бірнеше кешендерге бөліп алдық. Осының бәрін алып келгенде бұл өте күрделі жұмыс. Осы салалардағы мәселелерді шешу үшін бір-екі емес, мыңдаған тетіктер керектігі айқын», - дейді ол.
null 

Профессордың айтуынша, үшіншіден бір елде мінсіз жұмыс атқаратын профессер екінші елде қауқарсыз болып келеді.

«Әртүрлі елдердің мәдениеті де, қалпы да әртүрлі. Сәйкесінше, ол елдерде жетістіктерінің де өлшемі әртарапты. Мәселен Швецияда, Швейцария мен Сингапурдағы институттар бір-бірінен мүлде бөлек. Мәселе - оның қайсысы Қазақстанға ыңғайлы. Біз нарықтың барын білеміз. Швеция мен Сингапурда мемлекет нарыққа көп араласпайды. Ал Қазақстанда қандай сипаттағы нарық жұмыс істейді? Жауабын біз біле бермеуіміз мүмкін. Бірақ, 200 жылдық тәжірибеден кейін институттар мен нарықтар - бәрі де әр мемлекет үшін ерекше болу керектігі анық деген ойдамыз. Басқа мемлекеттердің тарихына қарап алған сабағымыз жұмыс істей бермейді. Мәселен, Сингапурда жұмыс атқарып тұрған бағыт мұнда сай келмеуі мүмкін. Сондықтан, біз нақты осы мемлекетте қандай тетіктерді дұрыс басу керектігін аңғара білуіміз керек», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар