Экономиканы қаржыландыру өскенімен одан халықтың жағдайы жақсарып кеткен жоқ - Годунова

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Экономика салаларын қаржыландыру өскенімен одан халықтың жағдайы жақсарып кете қойған жоқ. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрліктердің даму жоспары мен олардың бюджеттік бағдарламаларында халықтың өмір сүру сапасының өзгеруіне байланысты түпкілікті көрсеткіштер жоқ. Жалпы ішкі өнімнің өсуі, триллиондар, тонна, мыңдаған км! Ал осыдан адамның өмір сапасы жақсарды ма? Түсініксіз! Анықтау мүмкін емес! Жоқ! Себебі тапсырманың шарттары дұрыс айқындалмаған. Әрине, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шағын кредит берудің нысаналы бағдарламалары, халықтың табысын арттыру бағдарламасы іске асып жатыр және оның барлығы нақты оң әсерге ие», - деді палата төрағасы.

Бірақ оның атап өтуінше, бұл - қолдың күшімен басқарылып жатқан шаруа.

«Ал бүкіл бюджеттік жүйе адамға бағдарланып, бейімделуі тиіс. Бюджеттік ұйымдарды ғана емес, сонымен бірге экономика салаларын да қаржыландыру жаңа жұмыс орындары мен жалақыны көтеру түрінде мультипликативті әсер беруі тиіс. Ал бізде экономика салаларын қаржыландыру өсіп жатқанымен, халықтың жағдайы бұдан жақсарып кете қойған жоқ», - деді Наталья Годунова.


Соңғы жаңалықтар