Экономиканы әртараптандыру: Қазақстанның қандай мүмкіндіктері бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан үшін өзінің экономикалық негізін қайта құрылымдау маңызды. Мұндай пікірді Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жаһандық экономика және тұрақты даму бөлімінің жетекшісі Бекжан Садықов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке орай, еліміз шикізаттық кірісті дұрыс пайдаланып отырған жоқ. Экономиканың шикізаттық емес секторларын дамытуға және бұл бағыттардағы экспорттық әлеуеттің өсімін қамтамасыз етуге мән берудің маңыздылығы артып келеді. Бұл ретте Жалпы ішкі өнім құрылымында 50 пайызды алып отырған қызмет көрсету секторы жайында ғана сөз болып отырған жоқ. Қазақстанға өнеркәсіптік сектордағы негізгі бағыттардың құрылымдық салаларын дамыту өте маңызды», - деді ол.

Сарапшының пайымынша, мәселен, машина жасау бағытында инвестициялық машина жасау және автомобиль құрастыру үшін білдек әзірлеу әрі технологиялық жабдықтар өндірісін дамыту аса маңызды саналады. Әзірше, Қазақстан металл бұйымдар мен құрастырылым өндірісімен ғана шектеліп отыр. Ал барынша күрделі өнімдерді шет елдерден импорттауға мәжбүр. Жалпы, Қазақстанда резеңке техникалық бұйымдар өндірісінде нақты құзірет бар. Сондықтан резеңке өндірісі бағытын дамыту және мұнай өңдеудің толық циклінде соңғы нәтижеге қол жеткізуге ұмтылу қажет.

Спикердің атап өтінше, сонымен қатар агроөнеркәсіп секторында жаңа әдістерді қолдану да маңызды. Айта кетерлігі, 1995 жылы оның үлесі 12 пайыздан астам болса, қазіргі уақытта не бәрі шамамен 4-5 пайызды құрап отыр. Отандық аграрийлердің өнімділікті арттыру үшн барынша капиталқамтымды технологияларды қолдануы тиіс. Мұнан бөлек, тамақ өндірісі бағытын да дамыту маңыздылығы артып отыр.

«Аталған бағыттарды дамыту экономикалық саясаттағы екпінді алмастыру ретінде қарастырған жөн. Бұған қоса, мұның бәрі де тәжірибелік өнеркәсіптегі құбылыс ретінде ғылым мен инновацияның ықпалдасуын талап етеді. Мемлекеттік деңгейде жеке бинеспен бірге алдыңғы қатарлы әзірлемелер орталықтарының технологияларды дамыту бағдарламаларын қолдау мақсатқа сай келеді. Қазақстанға университеттік базалардың негізінде техникалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын жүйелі түрде қолдаумен қатар «инженерлік» оқытушыларды жалдаудың жаңа әдістерін енгізу талап етіледі», - деп түсіндіреді Бекжан Садықов.

Сонымен қатар ол білім мен креативке негізделген ғылымиқамтымды экономиканы және жалпы экономиканы дамыту күрделі әрі ұзаққа созылатын процесс екендігін баса айтты. Бұл мемлекет тарапынан барлық процестерді ойластырылған сүйемелеуді талап етеді. Күрделі экономиканы дамыту және ренталық жағдайдан шығу үшін бастамаларды институционалдандыру талап етілуі де мүмкін. Бұл ретте экспорттық нарықтағы бәсекелестікті және ішкі нарық сұранысын қамтамасыз етудегі қиындықтар жайын да қаперден шығармаған жөн.

Сарапшы ел экономикасын әртараптандырудағы негізгі проблема ретінде экономиканың шынайы секторының іргелі бағыттарында монополияның болуымен тежеліп отырған бизнестің күш-жігерін кконвертациялау үшін ынталандырудың әлсіздігін атап өтті.

«Бұл бағытта Президент ұстанымды айқындап берді. Экономиканың дәстүрлі бағыттарында жұмыс істейтін ірі бизнестің қажет екендігі сөзсіз. Дегенмен, жаңа буын өкілдерінің ішінен орта бизнеске өзек қалыптастыру да маңызды. Дәл солардың алдына шынайы индустрияландыру түрінде экономикалық ілгерілеуге қол жеткізу бойынша міндеттер қойылатын болады», - деді ҚСЗИ сарапшысы.

Бекжан Садықовтың пайымынша, Қазақстанға цифрландырудың қарқынды дамуын ескере отырып, цифрлық экономикаға назар аудару да маңызды саналады. Бұл салааралыө өзара іс-қимылда жаңа әдістерді талап етеді. Жалы, экономика секторларын түрлендіруден, интернет арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін өнімдер немесе қызметтер сұранысынан кіріс алуға бағытталған бастамаларды ілгерілету қажет етіледі. Осы орайда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, тікелей шетел инвестицясын тарту бағдарламаларын ынталандыру үшін тиісті экожүйе құру талап етілуі мүмкін.

«Сонымен қатар Қазақстан шет мемлекеттерді жоғары білім алған таланттарды қолданудан да пайда таба алар еді. Басқаша айтар болсақ, біз ұлттық экономика үшін таланттарды леверидждеу жайында айтып отырмыз», - деп түйіндегі сөзін Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жаһандық экономика және тұрақты даму бөлімінің жетекшісі.

Естеріңізге сала кетсек, таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеп, Қазақстан экономикасы әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді болып отырғанын баса айтқан болатын.

Яғни, ел экономикасының құрылымы – қарапайым. Шын мәнінде, бізге қарқынды даму үшін күрделі, әртарапты экономикалық құрылым қажет. Әрине, шикізат нарығындағы әлемдік бәсекеде біздің өз артықшылығымыз бар. Қазіргі және стратегиялық міндеттерді орындау үшін оны тиімді пайдалану қажет. Сондықтан осы саланы одан әрі дамыта беру керек. Алайда, соңғы 10 жылдықта жер қойнауын пайдалану саласында жүйелі проблемалар жинақталып отыр. Тау-кен өндіру өнеркәсібі мүмкіндіктерін толыққанды жүзеге асыруға геологиялық барлау жұмыстары көлемінің жеткіліксіздігі кедергі келтіріп отыр. Сонымен қатар минералды-шикізаттық базан толықтыру қарқыны да баялап келеді. Және де бұл игеріліп жатқан жер қойнауының сарқылуы аясында орын алуда»,, - деген еді Мемлекет басшысы.

Президент бәсекеге қабілетті экономика дегеніміз – әртараптандырылған экономика екендігін де баса айтқан болатын.

«Пандемия және қазіргі геосаяси дағдарыс шикізат нарығының тұрақсыз екенін айқын көрсетті. Қазба байлыққа ғана арқа сүйеп, қамсыз отыратын заман келмеске кетті. Жер қойнауынан шыққан қазынаның қосымша құнын барынша арттыру керек. Оны сапалы және сұранысқа ие тауарға айналдыру өте маңызды. Бұған дейінгі индустрияландыру жұмысының барысында шикізаттық емес сала ойдағыдай дамыған жоқ. Азық-түлік пен күнделікті тұтынатын тауардың өзін әлі күнге дейін сырттан сатып алып отырмыз. Инфляцияның өсуіне басты себептің бірі – осы», - деп атап өткен еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, елдің ішкі сұранысын өтеуге қатысты бір негізгі ұстаным болуға тиіс.

«Ең алдымен, ішкі нарыққа бағытталған өңдеу өнеркәсібін дамытуымыз қажет. Өңдеу өнеркәсібін инновация мен жоғары технология ғана жедел дамытады. Бұл – айдан анық нәрсе. Сол себепті Қазақстан экономикасы ғылыми жетістіктерді негізге алуы керек. Зерттеу жүргізіп, патент алу жеткіліксіз. Ғылыми жаңалықтарды өндірісте пайдалану қажет. Ғылымды жан-жақты дамыту үшін жаңа заң қабылдау керек. Депутаттар осы заң жобасына мен береді деп ойлаймын», - деген болатын Президент.


Соңғы жаңалықтар