Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстанның статистика жүйесіне 3 жылдық шолу жасайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстанның статистика жүйесіне 3 жылдық шолу жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында мәлім етті.

«Біздің мәліметтеріміздің сапалылығын әрі мазмұндылығын растау үшін халықаралық статистика ұйымдарымен келіссөздер жүргіздік. Қазақстанның Ұлттық статистика жүйесінің статистика саласындағы халықаралық және еуропалық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан келесі жылдың басында БҰҰ ЕЭК жаһандық бағалау жүргізеді. Одан бөлек, алдағы 3 жылдың ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының статистикалық саясат комитеті Қазақстанның статистикалық жүйесіне терең шолу жүргізеді. Осы жұмыс барысында біздің әдіснамалардың барлығы тексеріліп, халықаралық стандартқа сәйкестігі пысықталады», - деп жазылған жауапта.

Ведомство мамандарының мәліметіне сенсек, бүгінде ұлттық статистика бюросы деректерді жинаудың оңтайлы жолдарын қарастырып жатыр.

«Өзге дерек көздерін пайдалана отырып, толтырылатын формалардың санын қысқартуды жоспарлап отырмыз. Биыл 146 түрлі форма тапсырылса, келесі жылы оларды 135-ке дейін, ал 2024 жылы 125-ке дейін қысқартамыз. Бұл ретте біз әр статистика саласы бойынша жұмыс топтарын құрғанбыз, онда салалық министрлік пен қауымдастықтардың өкілдерін қостық. Солармен бірлесе отырып, деректердің мазмұндылығын арттыру мен бүгінде маңызын жоғалтқан мәліметтерді жинаудан бас тарту бойынша кеңес өткізіп жатырмыз», - деп жазады бюро мамандары.

Бұған дейін аталған бюро қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асқаны туралы мәлімет таратқан еді.


Соңғы жаңалықтар