Экономикалық тергеу қызметінің офицері пара алғанын мойындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Экономикалық тергеу қызметінің офицері пара алу күдігіне ілікті. Бұл жайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылыдң 11 тамызында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қалалық департаменті Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісінің пара алғандығын әшкерледі. Күдікті ЖШС директорынан ақша қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық қудалауды тоқтатқаны үшін келіскен 15 мың АҚШ долларының 5 мың долларын алу барысында ұсталды», - деп атап өтеді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, күдікті кінәсін толықтай мойындауына байланысты тұтқынға алынбаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ведомство мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан бері Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің жемқорлық құқық бұзушылығы бойынша 8 факті тіркелген. ЭТК қызметкерлерінің үстінен қозғалған қылмыстық істердегі параның жалпы көлемі 25,5 миллионнан астам теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар