Экономикалық санкциялар БҰҰ тарапынан ғана қойылуы тиіс - Елбасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономикалық санкциялар БҰҰ тарапынан ғана қойылуы тиіс. Бұл туралы бүгін Ақордада Чехия Президенті Милош Земанмен кездесуден кейінгі бірлескен мәлімдемеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Біз Таяу Шығыстағы лаңкестік мәселелерін ғана емес, сонымен қатар украиналық дағдарыс, Еуропа мен Ресейдің санкциялық қарама-қарсылығын талқыладық. Бұл санкциялар тайталасып жатқан ешбір тарапқа да көмектеспейді. Экономикалық үдерістер саясатпен араласпауы тиіс. Жалпы осындай санкциялар мемлекеттермен немесе мемлекеттер тобымен емес, Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапымен ғана бекітіледі», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар Қазақстан мен Чехияның екіжақты байланыстарына тоқталған Н. Назарбаев, бүгінде бірқатар бағыттарда ынтымақтастықта жұмыс жүріп жатқандығын, соның ішінде жеңіл көліктер шығару өндірісі жолға қойылғандығын, енді жүк көліктері бойынша жаңа жоспарлар ұсынылғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар