Экономикалық көрсеткіштер бойынша көш бастап тұрған өңірлер аталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Құрылыс саласының өсу қарқыны жоғары деңгейде. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың нақты өсуі былтырдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызды құрады. Нақты сектордың даму қарқыны жақсы. Өңдеу өнеркәсібінде өсім – 4,6%. Машина жасау саласында – 7,5%, оның ішінде автомобиль жасауда – 18%. Химия өнеркәсібінде – 11%, жеңіл өнеркәсіпте – 10%, металлургияда - 5% және мұнай өңдеуде 4% өсім тіркеліп, оң динамика байқалып отыр», - деді Ә. Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы құрылыс саласының өсу қарқыны жоғары екенін, бұл тұрғыда 5,1% құрағанын айтты. 10,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Ауыл шаруашылығында өсу қарқыны жоғары –шамамен 7%. Қызмет көрсету секторы 2 пайызға өсті. Сауда – 4 пайыздан астам, көлік 5 пайызға және байланыс 7 пайызға жуық өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі 7 пайызды құрады. Оның ішінде білім беру, сауда, құрылыс салалары мен тау-кен өнеркәсібінде көрсеткіштер жоғары. Өңірлер арасында 9 айдағы негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Шымкент қалалары көш бастап келеді», - деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар