Экономикалық даму және сауда министрлігі құрылады - Мемлекет басшысы

None
None
АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Экономикалық даму және сауда министрлігі құрылады.

Бұл туралы бүгін Ақордада Үкімет мүшелерінің және облыс әкімдерінің қатысуымен өтіп жатқан Индустриялық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі таңнан кешке дейін, қаңтардан-қаңтарға дейін бюджет мәселесімен отырады. Бұл түсінікті және ауқымды үлкен жұмыс. Оларға өндірістік күштерді орналастырумен, басқа да жұмыстармен айналысуға, сондай-ақ жоспарлау шараларымен айналысуға уақыттары жоқ», деп атап өтті Президент.

«Сондықтан осы министрліктің бюджеттік жоспарлауын Қаржы министрлігіне беруді ұсынамын. Барлығын жинақтап, осыған жауап бересіз», деді Президент Болат Жәмішевке қаратып айтқан сөзінде.

«Сонымен бірге Ұлттық сараптамалық орталық және басқа да мемлекеттік зерттеу ұйымдары сараптамалық жұмысты күшейту үшін осы министрлікке беріледі. Сондықтан Экономикалық даму және сауда министрлігі құрылады. Яғни, сауданы Индустрия министрлігінен осында береміз», деді Мемлекет басшысы. Осыған байланысты Елбасы сауда саясаты Кеден одағына енгеннен кейін стратегиялық маңызға ие болатындығын қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар