Экономикадағы бюджет кірістерін толықтыруға арналған резерв пайдаланылмай отыр - Есеп комитеті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономикадағы бюджет кірістерін толықтыруға арналған резерв пайдаланылмай отыр. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісі ҚР Үкіметінің 2013 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытынды баяндама жасаған Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин мәлім етті.

Есеп комитетінің бағалауынша, Үкімет былтырғы жылғы республикалық бюджеттің нақтыланған параметрлерін орындады. Шикізаттық тауар нарығы конъюнктурасының сыртқы теріс әсеріне қарамастан, экономиканың жоспарланған дәліздерінде қамтамасыз етілген.

«Дегенмен, кемшіліктер мен проблемалардың орын алғаны да байқалды. Біріншіден, біздің ойымызша, экономикадағы бюджет кірістерін толықтыруға арналған резервтер толық пайдаланылмай келеді. Талдау көрсеткеніндей, аванс төлемдері мен қосылған құн салықтарын қайтару тетігі республикалық бюджет кірістерін атқару құралдарының біріне айналды. Бюджеттен қайтаруға жататын қосылған құн салығының артып кеткен сомалары белгілі бір дәрежеде 2014 жылғы бюджетке қысым түсіріп отыр», дейді есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин.

Есеп комитетінің бағалауынша, болжанған макроэкономикалық көрсеткіштерде тауар нарығын дамытудың әлемдік үрдістері, атап айтқанда, Қазақстанның экспорттық өніміне сұраныстың азаюы мен бағалардың төмендеуі толық көлемде ескерілмеген. Бұл өз кезегінде жалпы ішкі өнімнің және мақұлданған болжамның номиналды мәнінің 2,4 трлн. теңге мөлшерінде елеулі алшақтығына әкеп соғып, бюджет кірістерінің атқарылу сапасына әсер етті. Сонымен қатар, республикалық бюджет кірістері бекітілген көлемнен 152 млрд. теңгеге төмен қалыптасқан.

Соңғы жаңалықтар