Экономика өсімін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қажет – ҚР ҰЭМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев орталық және жергілікті атқарушы органдар назар аударуы тиіс іс-шараларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық және жергілікті атқарушы органдарға мынадай шараларға назар аудару ұсынылып отыр. Инвестициялық жобалар пулы шеңберінде жобаларды белсенді іске асыру керек. «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы – 2025» және Ұлттық банктің жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерді қолдау құралдарының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету қажет», - деді Ұлттық экономика министрі бүгінгі Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, министр мемлекеттік ұйымдардың, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамту үлесін ұлғайту шараларын күшейтуді атап өтті.

«Еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Еңбек» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асыру керек. Тұтыну тауарлары бағаларының серпінді мониторингін және тиісті тұрақтандыру шараларын қабылдау керек. Жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға оң ықпал етеді», - дейді Әсет Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар