Экономика өсімін қамтамасыз ету үшін билік қандай шараларды қолға алуы тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев орталық және жергілікті атқарушы органдар назар аударуы тиіс іс-шараларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық және жергілікті атқарушы органдарға мынадай іс-шараларға назар аудару ұсынылып отыр. 2021 жылға арналған экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі өзектендірілген кешенді жоспарды тиімді іске асыруы қажет. Экономиканың басым секторларында ірі компаниялармен инвестициялық келісімдерді іске асыруы тиіс. Ауыл шаруашылығы және құрылыс-монтаж жұмыстарының маусымын белсенді өткізуі керек», - деді министр.

Сонымен қатар ол «Жұмыспен қамту жол картасы» және «Еңбек» бағдарламалары аясында таргеттелген тұрақты жұмыс орындарын құру қажеттігін айтты.

«Жаңа «өсу факторларын» дамыту және өңірлердің экономикалық байланысын күшейту керек. Аталған іс-шараларды іске асыру экономикалық белсенділікті ынталандыруға және осы жылғы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Әсет Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар