Экономика министрі жаңа экономикалық саясаттың басымдылығын атады- Jibek Joly

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты шағын және орта бизнес пен ауылдарды дамытуға бағытталады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Jibek Joly» телеарнасындағы журналист Ерболат Мұхамеджанның «JJ Talk» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әлем бір орында тұрмайды, үнемі өзгерісте. Сондықтан біз экономикалық саясатты да соған сай өзгертіп отыруымыз керек. Шағын және орта бизнес маңызды сала. Себебі дамыған елдерде шағын және орта бизнестің үлесі 50 пайыздан асады. Бізде ол шамамен 37 пайыз. Енді біздің міндетіміз оны көтеру. Содан кейін қарапайым халықтың әл ауқатын көтеру оның ішінде, өңірілік теңгерімсіздікті жою, ауылдарды дамыту. Өздеріңізге мәлім, Президенттің инаугурациядан кейінгі бірінші Жарлығы ауылдарды дамыту тұжырымдамасы болды. Енді сол тұжырымдаманы Ұлттық экономика министрлігі әкімдіктермен бірлесіп пысықтап жатыр», - деді Әлібек Қуантыров.

Министр пандемияның ел экономикасына тигізген теріс әсерлеріне тоқталды. Әлібек Қуантыровтың сөзінше, соңғы 20 жыл ішінде Қазақстан экономикасындағы ең ірі теріс өсім 2020 жылы байқалған. Ол жылы пандемия салдарынан -2,5 пайызға құлдыраған.


Соңғы жаңалықтар