Экономика министрі зейнетақы неше пайызға индекстелетінін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров нақтылған бюджет жобасы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы инфляция деңгейіне қарай индекстелетінін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып айтты.

«Біз инфляция деңгейін 8-10 пайыз көлемінде деп алдық Сонда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері шамамен 9 пайыз индекстеледі», - деді министр.

Сондай-ақ, ол нақтылған бюджет бойынша бір доллардың бағасы 460 теңге болып белгіленгенін еске салды.

Айта кетейік, Ұлттық экономика министрі журналистерге Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті нақтылау не үшін қажет болғанын түсіндірді.

«Біріншіден, бұл шаралардан тірнектеп жинаған қаражаттың түбі көрініп қалмайды. Ұлттық қордың активтері бойынша бұрынғы деңгейде қаламыз. Оның үстіне біз Ұлттық қордың жалпы өнімге қатысты төменгі шегін көтереміз. Бұлшама жалпы ішкі өнімнің 30 пайызынан кем болмауы керек. Біз Ұлттық қордан ақшаны Мемлекет басшысының қаңтардың басынан бері жүктеген тапсырмаларын іске асыруға аламыз. Сондай-ақ, түрлі бағдарламалық құжаттарға бөлеміз», - деді Әлібек Қуантыров.



Соңғы жаңалықтар