Экономика министрі инвестиция көлемінің азаю себебін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,9%-ке дейін баяулады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылдың алғашқы төрт айында негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша 13 өңір өсім көрсетті. Ең жоғары өсу Түркістан (49,3%) және Ақмола (49%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында (44,2%) байқалады», - деді министр Үкіметтің қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы отырысында.

Сонымен бірге, 4 өңірде - Атырау (-10%) және Қызылорда (-47,1%) облыстары, Шымкент (-7,8%) және Алматы (-8,6%) қалаларында төмендеу байқалған.

«Осы өңірлердің үлесі жоғары болғандықтан, бұл төмендеу жалпы инвестициялардың көлеміне әсер етті. Соның салдарынан негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,9%-ке дейін баяулады», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар