Экологтарды аумағына кіргізбей қойған АрселорМиттал миллиардтаған айыппұл төлеуі мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Экология, геология және табиғи рерсурстар министрлігінің тексерушілерін өз аумағына кіргізбей қойған. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов осы факті бойынша сот болып жатқанын және компанияға бірнеше миллиард теңге болатын айыппұл салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазір есептеп жатырмыз. Менің ойымша, бірнеше миллиард теңгенің айыппұлын дайындайтын шығармыз. Мәселе айыппұлдың көлемінде емес. Біз бұл компанияны қоршаған ортаға тастайтын шығарындаларының көлемін азайтуға мәжбүрлейміз. Бұл істі кезең-кезеңімен іске асырып жатырмыз. Ұлттық жоспарға кезең-кезеңімен түсіруді енгізген болатынбыз. Компания шығарынды көлемін 250 мыңнан 140 мың тоннаға дейін қысқартуы керек болған», - деді комитет басшысы БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Айтуынша, қазір министрлік өкілдері мен компания соттасып жатыр.

«Олар бізді тексеруге кіргізбеген болатын. Қазір кедергі келтіргені үшін сот болып жатыр», - деді Зулфухар Жолдасов.


Соңғы жаңалықтар