+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Экологтарды Алматы ауасының ластануы алаңдатып отыр

2020 жылғы 21 ақпан 14:15
Бөлісіңіз:
Экологтарды Алматы ауасының ластануы алаңдатып отыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы бүгінде еліміздегі ауасы ең лас қалалардың қатарында. Экологтар осылайша дабыл қағуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шекарашылар браконьерлерді ұстады: Мемлекетке келген шығын 20 млн теңгеден асады Сергей Громов қырғыз тарапымен еліміздің оңтүстік өңіріне су беру мәселесін талқылады БҚО-да 1,2 тонна балық алып келе жатқан жүргізуші ұсталды

Сондықтан олар қоршаған ортаға залал келтірген нысандарды анықтап, шара қолдану қажет деп есептейді.

Осы келеңсіз жағдайға арналған жиында мегаполистегі экологиялық жағдай мәселелері талқыланып, экологияны жақсартудың тиімді тетіктері қаралды. Экология саласындағы сарапшылар мен белсенділер ауаны ластау көздерінің мәселелерін көтерді.

«Зеленое спасение» экологиялық қоғамының жетекшісі Сергей Куратовтың айтуынша, қаладағы экологиялық жағдайды заң жүзінде шешу қажет. Өйткені үлкен өндірістік кәсіпорындар мен шағын бизнес иелері экологиялық–санитарлық талаптарды сақтамайды. Соның салдарынан ең алдымен адамдар зардап шегеді.

«Біздің қоғамға Алматыдағы «Қайрат» ықшамауданының тұрғындары шағымданды. Олардың үйлерінің жанынан үлкен автобус паркі ашылыпты. Бір қарағанда қалыпты жағдай сияқты. Қоғамдық көлік қалаға қажет. Мәселе мынада. Қолданыстағы заңға сәйкес, автопарк ауаны ластайтын құралдардың қатарына жатады. Сондықтан бұл тұрақ үйлерден кем дегенде 300 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Ал бұл автобус паркі мен тұрғын үйдің арасы небәрі 10 метр. Таңертең қоғамдық көліктерді оталдыра бастағанда жан- жағын қара түтін басады. Осыған орай біз қаладағы барлық жауапты және құзырлы мекемелерге түсініктеме берулерін сұрадық. Өкінішке орай, күні бүгінге дейін мардымды жауап алмадық»,- дейді Сергей Куратов.

Оның айтуынша, Қазақстанның экология туралы заңын орындау деңгейі де көңіл көншітпейді. Бұл осылай жалғаса беретін болса қаламыздың экологиялық жағдайдын қалпына келтіру оңайға соқпайды.

Шараға қатысушылар ауаның әртүрлі көздермен ластану деңгейін азайту үшін барлық бағыттар бойынша кешенді жұмыс жүргізу қажет екенін айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Экология,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT