Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 26 °С
Алматы: 20 °С
USD 325.75 EUR 382.04
RUB 5.31 CNY 51.04
Жаңалықтар

Экологтар «Союз 2.1а» зымыран-тасығышының блогы құлаған жерден сынама алуда

2018 жылғы 14 ақпан 21:21 984
Бөлісіңіз:
Экологтар «Союз 2.1а» зымыран-тасығышының блогы құлаған жерден сынама алуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ғарыш экология» ғылыми-зерттеу орталығы (ҒЗИ)» РМК мамандары «Прогресс МС-08» ғарыш кемесін орбитаға сәтті алып шыққан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышының (ЗТ) жанама блоктары құлаған жерде экологиялық тексеру жұмыстарын жүргізуге кірісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Арал ауданында тұщы көлдер тазартылып жатыр Алматы саябағының бірінде кенеге ұқсас жәндіктер өріп жүр

«Ғарыш экология» ҒЗИ» РМК бас директоры Жайлаубай Жұбатов біздің агенттікке хабарлағандай, кәсіпорын мамандары зымыран-тасығыштың жанама блоктары құлаған жердің географиялық координаттарын анықтаған. Олардың барлығы Ю-25 аймағына: Қарағанды облысының Ұлытау ауданына құлаған.

«Ғарыш экология» ҒЗИ» РМК мамандары құлаған жердің ауасынан, топырағынан сынама алып, кәсіпорынның Жезқазғандағы жылжымалы зертханасына жеткізген.

Экологтар «Союз 2.1а» зымыран-тасығышының блогы құлаған жерден сынама алуда 

«Ұшырылым штаттық режимде өтті, бірақ жұмыстарды жүргізуге ауа райы қиындық тудырып жатыр: аяз, қар, жел, боран болып жатыр және Балқаштағы тасжолда жол жабылды», - деп түйіндеді «Ғарыш-Экология»  басшысы. 


Экологтар «Союз 2.1а» зымыран-тасығышының блогы құлаған жерден сынама алуда 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат