Экологтар Өскеменнің қоқыс полигонындағы өртке байланысты тексеру жүргізуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қоқыс полигонындағы өртке байланысты экологтар тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 сәуір мен 13 мамыр аралығында қоқыс полигонында болған 7 өрт фактісі бойынша материалдар келіп түскен. Осыған орай инспекторлар әкімшілік іс қозғады.

«Анықталғандай, «ӨскеменСпецКоммунтранс» ЖШС полигонның бетін инертті материалдармен тығыздау бойынша жүйелі түрде шаралар қабылдамаған. Соның салдарынан бірнеше рет өрт шықты. Мәселен, 25 сәуірде тілсіз жаудың аумағы 200 шаршы метрді құраса, 26 сәуірде - 1 гектар, 30 сәуірде - 200 шаршы метр, 1 мамырда - 10 шаршы метр, 5 мамырда - 30 шаршы метр, 6 мамырда - 1 гектар, 13 мамырда 200 шаршы метрге жеткен», - делінген ақпаратта.

Қоқыс полигонын пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзған ЖШС-ға жалпы сомасы 306 285 теңге мөлшерінде 7 айыппұл салынды. Сондай-ақ 18 шілдеде болған соңғы өртке қатысты аталған мекемеге тағы да жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар