Экологтар Қарағанды облысында балықтың жаппай қырылу жағдайын алдын алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында балықтың жаппай қырылуына жол берілмеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 шілдеде балық шаруашылығы комитетінің Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында Осакаров ауданындағы Қызыл Кут бөгеті бұзылғаны туралы хабарламаны анықтаған.

Ведомствоның мәліметінше, бұл балықтардың қырылу қаупін туғызады.

«Жануарлардың қырылу қаупі және өлімі анықталған кездегі өзара іс-қимыл сызбасына сәйкес инспекция оқиға орнына барды. Жедел топ Қызыл Кут бөгетінің жанындағы су қоймасының жағалау жолағын толық тексерді, алайда балықтардың қырылуы анықталған жоқ. Балықтың қырылуына жол бермеу мақсатында орташа салмағы 135 грамм болатын 111 дана ұсақ тұқы (15 кг) ауланып, Ошағанды өзенінің арнасына жіберілді. Қазіргі уақытта су айдынының ихтиофаунасының жай-күйіне мониторинг жалғасуда»,- деп мәлім етті Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қызыл Кут бөгеті Осакаров ауданының Крестовка ауылынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Су айдынының ауданы - шамамен 20 га.



Соңғы жаңалықтар