Экологтар ауладағы қоқыс жәшіктерін жаңғыртуды ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан «Reduce. Reuse. Recycle. Recover» бизнес форумында тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен көму туралы бизнес ұсыныстар айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан ТКШ қайта жаңғырту және даму орталығы»  АҚ басшысы Дастан Хамзин осы бағытта мемлекет тарапынан қандай іс-қимыл жасалып жатқанын айтты.

«Екі вариант қарастырылып отыр. Біріншісі бойынша тұрғындар қоқыс сорттамайды. Қоқыс арнайы пакеттерге салынып, жүк көлігіне салынатын кезде сортталады. Екінші вариант бойынша, арнайы секцияға бөлінген жаңа жәшіктер орнатылады. оған тұрғындар өздері сортталған қоқыс әкеп салады. Егер осы варианттардың бірін таңдайтын болсақ, ұлттық стандарт жасайтын боламыз», - деді Дастан Хамзин.

«Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов қоқысты зауытқа жеткенше сорттау маңызды екендігін айтты.

«Қазір Алматыда қоқыс өңдеу зауыты ашылды. Бірақ, оған жеткенше қоқыс шіріп кетеді. Оны өңдеу мүмкін емес. Астанада да сол. Мен қарапайым тәсіл ұсынамын. Әр ауладағы қоқыс жәшігінің жанында қоқыс сорттау пунктін салу керек. Ол жерде қызметкер тұрғындар әкелген қоқысты сорттап, секцияларға салып тұрады. Біріншіден, азаматтарды жұмыспен қамтуға болады. Екіншіден зауыттарға таза шикізат барады. Жоба аз уақытта өзін өзі ақтайтын болады», - деді Мэлс Елеусізов.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда қатты қалдықтардың 43%-ы қайта өңдеуге жатпайды.

Соңғы жаңалықтар